TOKYO2020 • 07 Тамыз, 2021

Токио-2020: Софья Берульцева жартылай финалға шықты

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Софья Берульцева жартылай финалға шықты

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзірбайжадық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті.

Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.