TOKYO2020 • 07 Тамыз, 2021

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жартылай финалда жеңіліп қалды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков жартылай финалда жеңіліп қалды

Жартылай финалда Дәулет үндістандық Пуния Баджрангпен кездесті.

Пуния Баджранг 1994 жылы дүниеге келген.

Бұған дейін әлем чемпионатында үш мәрте жүлдегер атанса, Азия чемпионатында алтын мен күміс алды. Белдесу барысында қос балуан тартысты ойын өткізді. Дегенмен үндістандық спортшы алғашқы бөлігінде 2:0 есебімен басым түсті. Екінші бөлігінде Дәулеттің белсенділігі байқалды. Десе де қарсыласы тағы да екі ұпайға ие болды. Одан кейін де ол қарсыласына төрт ұпай беріп қойды. Нәтижесінде Дәулет қарсыласына 0:8 есебімен жеңіліп қалды.

Қола жүлде Пуния Баджрангқа бұйырды.

Қазақстандық балуан бүгін жұбаныш белдесуінде сенегалдық Адама Диаттаны қапы қалдырып кетті.

Дәулет бұл мүмкіндікке әзербайжандық Гаджи Әлиев финалға шыққаннан кейін қол жеткізді.

Ол аталған қарсыласына жартылай финалда 1:9 есебімен жол берген еді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03