Медицина • 07 Тамыз, 2021

Ажар Ғинаят Атыраудағы модульдік стационарда болды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Атырау қаласындағы модульдік стационарда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ажар Ғинаят Атыраудағы модульдік стационарда болды

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде болды.

Модульдік стационар 200 төсекке есептелген, бірақ бүгінгі күні инфекциялық бөлімшеде 205 адам, оның ішінде 105 жүкті әйел ем алып жатыр.

Реанимацияда 25 пациент бар, оның үшеуі – ауыр халдегі жүкті әйелдер.

 

Аурухана 2020 жылы салынған. Нысанда таза аймаққа, қолжетімділігі шектеулі аймаққа (жартылай) және оқшаулау аймағына бөлу стандарттары қолданылады. Қызметкерлер мен пациенттерге арналған дәліздер кросс-инфекцияның алдын алу үшін қатаң реттелген.

Модульдік инфекциялық стационардың бүкіл палаталары оттегімен толық қамтамасыз етіліп, әрбір пациентке жеткізілді.

Ауруханада коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге арналған барлық қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмек бар.

Ажар Ғиният өңірдегі жағдай күрделі екенін атап өтіп, covid-19-ға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлерге ризашылығын білдірді.