Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«2021 жылғы 8 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 727 414 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 356 279 адам», делінген хабарламада.
Вакцина салдырудан елімізде Алматы қаласы бірінші орында, 768 мың адам екпенің бірінші компонентін, 601 мың адам екінші компонентті салдырған. Екінші орында Түркістан облысы, 624 мың адам екпенің бірінші бөлігін алса, екінші бөлігін 455 мың адам егілген. Үшінші орында Алматы облысы тұр. Өңірде 581 мың вакцинаның бірінші компонентін, 439 мың адам екінші компонентін алған.