Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жөндеу жұмысына кірісті.
Гоголь көшесінде 7-25 тамыз аралығында Құрманғазы көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаске көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.
Басқарма қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды ұсынды.