РАТТ мүшелері Талдықорған қаласының тұрғындарымен, Қапшағай жастарымен, Ескелді, Іле, Қарасай аудандарында мешіт жамағатымен, сондай-ақ Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен және спорт интернаттарында оқитын жеткіншектермен жалпы профилактикалық жұмыс жүргізіп, семинарлар мен кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 290-ға жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.
Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Бұл жобаның мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау. Сонымен қатар діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.
Талғат АХЫМБЕТОВ,
«Жаңа шабыт» ҚБ басшысы