Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

ШҚО-да зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бесқарағай ауданында екі зейнеткерді алдап, ақшасын иемденген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық полиция бөлімшесіне 89 жастағы зейнеткер жүгінген. Өз сөзінде ол бейтаныс ер адамның «отын әкеліп беремін» деп 55 000 теңгесін алып, сол күйі хабарсыз кеткенін жеткізген.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері тағы бір фактіні анықтады.

«72 жастағы зейнеткер өзін әңгімеге тартқан белгісіз біреудің «ұлымның еміне ақша керек» деп көмек сұрағанын айтты. Ойына еш секем келмеген ол алаяққа 20 000 теңге берген. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 45 жастағы ер адамды қолға түсірді», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.