Әлем • 09 Тамыз, 2021

Сібірде 28 мың жыл бұрын өмір сүрген жануар табылды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сібір аумағында мұз дәуірінде өмір сүрген арысттанның аланы табылды, деп жазады Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Сібірде 28 мың жыл бұрын өмір сүрген жануар табылды

Фото: CNN

Ғалымдардың айтуынша, мұзға қатып қалған жануар ұйықтап жатқанға ұқсайды. Кішкене жанасудан оянып кететін сияқты көрінеді.

Аланның алтын түстес жүні кірленіп қалған, бірақ зақымданбаған. Жұмсақ тіндері мен ішкі мүшелері мумияланған болса да, жақсы сақталған. Тіпті мұрты да сол қалпы. Зерттеушілердің бірі оны зерттеу кезінде өткір тырнағына саусағын жаралап алды. 

Ғалымдар арыстанның күшігін Спарта деп атады. Болжам бойынша ол қар көшкінінен өлген немесе жыраға түсіп кеткен.