Спорт • 09 Тамыз, 2021

Головкин мен Әлімханұлының The Ring рейтингіндегі орны анықталды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring басылымының жаңартылған рейтингінде Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының орындары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин мен Әлімханұлының The Ring рейтингіндегі орны анықталды

Орта салмақ бойынша бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, одан кейін үштікті америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде тұйықтап тұр. Жәнібек Әлімханұлы жетінші орында тұрақтаған.

Төрттен онға дейінгі орындарға келесі спортшылар жайғасқан:

4. Сергей Деревянченко (Украина)

5. Риота Мурата (Жапония)

6. Хайме Мунгия (Мексика)

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).