Әлем • 09 Тамыз, 2021

Финляндияда 12 жастан асқан балаларды вакциналау басталды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндия билігі дүйсенбі күні 12-15 жас аралығындағы балаларға вакцина салуды бастады. Олар заңды өкілдерінің келісімінсіз екпе салдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финляндияда 12 жастан асқан балаларды вакциналау басталды

Елдің әлеуметтік істер және денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқандарға салуға рұқсат еткен Pfizer және Moderna компанияларының вакцинасын қолданады.

Вакциналау мектептерде жүргізілуі мүмкін.

«Екпе егетін маман кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің жасы мен даму деңгейін есепке ала отырып, вакцина салу туралы шешім қабылдаса ғана вакцина салдыра алады», деп түсіндірді министрліктен.

Финляндияда ауру жұқтырғандар саны мамыр-маусым айында азайып, шілдеде қайта өскен.