Әлем • 10 Тамыз, 2021

Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық Азия ел­дері­нің президенттері Түрік­­­менстанда өт­кен Ор­та­лық Азия мемле­кет­тері бас­шы­ларының Консультативтік кездесуі­нің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеде Ауған­станда азаматтық бейбітшілікке тезірек қол жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.

Орталық Азия Ауғанстанға алаңдаулы

«Тараптар көрші Ауғанстандағы жағ­дайдың жуық арадағы реттелуі Ор­талық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты сақтау мен нығайтудың ма­ңызды факторларының бірі болып табыла­тынын растайды. Осыған орай, Тарап­тар Ауған қоғамындағы азаматтық бей­біт­шілік пен келісімге жедел қол жет­кізуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді», делінген мәлімдемеде.

Президенттер Орталық Азия­дағы, Ядро­лық қарудан азат аймақ ту­ра­лы шартты іске асыру бойынша өңір мемлекеттерінің белсенді ын­тымақ­тастығын жалғастыруға дайын екен­діктерін білдірді және ядролық қару­сыз­дану мен таратпау ісінде күш-жігерді шо­ғырландыру мақсатында басқа да ядро­лық қарусыз аймақтармен өзара іс-қи­мыл­ды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшылары жаһандық климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы мұздықтарға теріс әсерін ескере отырып, Тәжікстан Республикасы Президентінің 2025 жылды Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы деп жариялау және Мұз­дық­тарды қорғау халықаралық қорын құру туралы ұсынысын қолдады.

Мемлекеттер басшылары Түрік­менстан Президентінің Төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған БҰҰ Стратегиясын әзірлеу туралы бас­та­масына, сондай-ақ БҰҰ аясында энер­­гети­кадағы басым бағыттардың бірі ре­тінде сутегін дамыту жөніндегі халық­аралық «Жол картасын» құруға қолдау білдірді.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ аясында Аурулар және биоқауіпсіздікті ба­қы­лау жөніндегі өңірлік орталықтар же­лі­сін құру, сондай-ақ БҰҰ аясында арнайы көпжақты орган – БҰҰ Қауіпсіздік Ке­­ңе­сіне есеп беретін Биологиялық қауіп­­сіздік жөніндегі халықаралық агент­тік құру туралы бастамасына қолдау білдірді.