Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қадылжан Сатиев 1985 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2005 жылы «Мотив-Болашақ» ЖШС-да бастаған. 2008 жылдың шілдесінен бастап «Строймаркет» ЖШС-нің құрылыс инженері болып жұмыс істеді.
2009 жылдың ақпан айында Павлодар облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы ретінде мемлекеттік қызметке ауысты.
Сегіз жылдан астам уақыт осы ведомствода бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. 2017 жылғы шілдеде жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып тағайындалып, жаңа тағайындауға дейін осы лауазымда абыройлы қызмет атқарды.