Экономика • 10 Тамыз, 2021

Қазақстанда киім өндірісі артты

1217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киім өндірісінің көлемі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 24,4 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға көп, деп жазады Egemen.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда киім өндірісі артты

Фото: 24.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі COVID-19 пандемиясына байланысты оқушыларға алдағы оқу жылында да мектеп формасын киюді міндеттемейді.

Бұл арада КТК телеарнасының хабарлауынша, мектеп формасын өндірушілер министрліктің бұл шешіміне наразы. Олар мектеп формасын тігуге дайындықты алты ай бұрын бастаған және қажетті материалдарды сатып алып қойған. Өндірушілер өткен жылы осындай жағдайға тап болды.

Соған қарамастан киім өндірушілері 2020 жылы құны 53,6 млрд теңге болатын киім өндірген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп.

Осы жылдың қаңтар-маусымында киім өндіру көлемінің жартысына жуығы тек үш облысқа тиесілі болды: Алматы облысы (4,7 млрд. теңге), Алматы қаласы (4 млрд. теңге) және Қарағанды ​​облысы (3,2 млрд. теңге).

Физикалық тұрғыдан алғанда, киімнің көптеген негізгі түрі бойынша өсім байқалды. Мысалы, ерлер мен ер балаларға арналған сыртқы киімдер өндірісі 4,4%-ға, яғни 89,8 мың данаға дейін өсті.

Қолмен тоқылған немесе машинада тоқылған сырт киімдерді шығару 11,8%-ға, ал жемпір сынды трикотаж өндірісі 7,5%-ға, бас киім 35,7%-ға, ал табиғи жүннен тігілген киімдердің бұйымдары мен керек-жарақтары 42,4%-ға өсті.

Ал әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер бірден 2 есеге, сәбилерге арналған тоқылған киімдер 25,8%-ға,  шұлық өндірісі 1%-ға төмендеді.