Әлем • 10 Тамыз, 2021

АҚШ 2001 жылғы террорлық шабуылдың «құпиялығын» ашады

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Әділет министрлігі 2001 жылдың қыркүйегінде орын алған қайғылы жағдайға байланысты құжаттарды қайта тексереді. Бұл шешім 11 қыркүйектегі шабуылдардың 20 жылдығы қарсаңында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Ren.tv-ге сілтеме жасап.

АҚШ 2001 жылғы террорлық шабуылдың «құпиялығын» ашады

АҚШ президенті Джо Байден Әділет министрлігінің 20 жыл бұрын болған террорлық әрекеттің құжаттамаларын қайта қарау туралы сөзіне түсініктеме берді.

Оның айтуынша, АҚШ қоғамы мен адамзат тарихындағы ең үлкен террорлық шабуылдың белгісіз бөлшектерінен халық хабардар болуы үшін, бұл істің «құпиялығын» жою керек.

Бұған дейін, қаза болғандардың отбасылары Байденге шарт қойған болатын. Егер ол тиісті құжаттарды жария етпесе, халық президенттің террорлық шабуылды еске алуға арналған іс-шараларға қатысуына наразы болмақ.

АҚШ тұрғындары бұл қағаздарда Нью-Йорктегі егіз мұнараларға құлаған ұшақтарды басып алуға Сауд Арабиясы билігінің қатыстылығы туралы ақпарат болуы мүмкін деп есептейді. Себебі, құлаған ұшақтардың бірі Пентагонды соққан.

Конгрессвумен Тулси Габбард Сауд Арабиясының 2001 жылғы қайғылы оқиғаларға  қатысы барын анықтауды талап еткен. Оның пікірінше, билік бұл мәселе бойынша Эр-Риядты «қорғаштауы» мүмкін. Алайда, Габбард қандай ақпаратты талап ететінін нақтыламады.

Кеш жүргізілген тергеулер бойынша Эр-Риядтың шабуыл ұйымдастырушыларын қолдағаны туралы ешқандай дәлел анықталмаған. Десе де, 19 ұшақ ұрлаушылардың 15-і патшалық азаматтары болды. Ал ұшақ ұрлаушылар тобын мысырлық Мохаммед Атта басқарған.