Елорда • 10 Тамыз, 2021

Нұр-сұлтанда ірі көлемде есірткі тасымалдаушы ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда полицейлері қалаға есіртікі тасымалдаумен айналысатын адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-сұлтанда ірі көлемде есірткі тасымалдаушы ұсталды

«Биыл 7 тамыз күні есірткіні жеткізу мен сату арнасына тосқауыл қоюға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 37 жастағы ер адам ұсталды. Оны тексеру барысында 2 келі гашиш тәркіленді»,  деп жазылған Полиция департаменті мәліметінде.

Сонымен қатар, Қосшыдағы үйін тексеру кезінде арнайы жабдықталған жасырын қоймада екі полиэтилен пакетте 34 келіден астам гашиш табылды.

Белгілі болғандай, күдікті есірткіні елорда аумағында өткізуді жоспарлаған. 

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды