Коронавирус • 10 Тамыз, 2021

Алматыға Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыға Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді

Фото: Синхуа агенттігі

«Эйр Астана»  Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты СК-Фармация тапсырыс берген екі рейспен бір миллион доза вакцина жеткізілді»,деп хабарлады авиакомпания.

Вакцинаның бірінші партиясы бүгін сағат 12:30 -да Алматы әуежайына жеткізілді. Екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-ға жоспарланған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағатқа дейін тасымалдауға мүмкіндік беретін температуралық режимді сақтай отырып, термиялық контейнерлерде жеткізілді.

VeroCell - инактивтелген вакцина. Ол бірнеше елде сынақтан өткізілді. Клиникалық сынақтардың 3-кезеңі вакцинаның 21 күн аралықпен берілген екі дозасы 79% тиімді екенін көрсетті.