Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Алматының шалғай аудандары интернетке қосылады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жақын арада Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат және Маяк шағын аудандарының айналасы жоғары жылдамдықты ғаламтормен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының шалғай аудандары интернетке қосылады

Аудан әкімі жергілікті атқарушы органдармен аудан тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«NLS Kazakhstan компаниясымен бірлесіп шағын аудан тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу жүргізілуде. Қазірдің өзінде 176 абонент қосылды, кезекте 36 абонент тұр», деп хабарлады аудан әкімі.

2021 жылдың соңына дейін интернет-провайдер шағын ауданда жоғары жылдамдықты интернет өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оптикалық магистральдарды салу бағыттары пысықталуда.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы қыркүйек айында Қайрат шағын ауданында интернет өткізуді жоспарлап отыр. Бұл аудан Көктау, Тараз, Ақжамал, Арқар, Жаяу Мұса, Сұлушаш, Қорімдік, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 көшелерін қамтиды.

Қайрат шағын ауданындағы 1200 үйдің 300-ге жуығы «Қазақтелеком» интернетіне, сондай-ақ NLS Kazakhstan желілеріне 15-тен астам абонент қосылды.