Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Атыраудағы орталық көпірде бірнеше көлік соқтығысты

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 тамызда Атырау қаласындағы орталық көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Атыраудағы орталық көпірде бірнеше көлік соқтығысты

«Жол-көлік оқиғасының мән-жайын тексеру кезінде, алдымен «Фолксваген Джета» автокөлігінің жүргізушісі тежегішті басқаны анықталды. Сол кезде оған «Лада Гранта» маркалы автокөлігі соқтығысқан. Материалдық шығын болмағандықтан, екі көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. «Хюндай Санта Фе» автокөлігі «Хюндай Акцент» автокөлігіне соқтығысып, бұл көлік соққы екпінімен алдындағы «Лада Приора» автокөлігін артынан түйген», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Хюндай Санта Фе» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімішілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.