Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын айтып, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетуін тіледі.
Қала әкімі спортшыларға демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті.
Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэден Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.