Бүгінде медицина сәт сайын озық технологиялармен толығып, бұрын мүмкін еместей көрінетін дүниелерді отандық мамандардың атқаратынына бой үйренгені анық. Әйтсе де стомадан кейін ішекті реконструкциялауды өз хирургтеріміздің жүргізуі ерекше қуантады. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада осындай стомадан соңғы өмір сапасын жақсарту жалғасты болуда.

Алдымен стома дегеннің өзі не, ол қалай пайда болады, осыған тоқталып өткеніміз жөн болар. Стома – сырқаттың ащы ішегі немесе тоқ ішегі ауырғанда дәретін сыртқа шығаратын жасанды жол жасап қою. Яғни пациенттің қалыпты жағдайда дәретке бара алмайтындығынан жасалатын қажеттілік. Сыртқа шығуы тиіс дүниенің іште қалуының адам өмірі үшін көптеген зияны бар. Уланған ағзамен қатты қиналып түскен жанға операция жасалып, стома қойылғанда ғана беті бері қарайтынын айтады мамандар. «Ал стома жасауға мәжбүрлейтін дәрет жүрмей қалуының себептері неде?» деп сауал қойдым елордадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың Хирургиялық инфекциялар және колопроктология бөлімшесінің меңгеруші, колопроктолог, дәрігер-онколог Жомарт Жалғасбаевқа.
– Оның себептері біраз. Бір адамда ішегінде ісіктер әсерінен жүрмей қалса, енді бірінде іш қуысының ауыр патологиялары, яғни жедел хирургиялық көмекті қажет ететін іш перденің қабынуынан болады. Бірінші жағдайда ісікті алып тастап барып стома қойылса, екіншісінің себептері көп. Ол соқырішектің асқынуынан, өт қабының қабынуынан, ішектің немесе асқазанның тесілуінен болуы мүмкін. Жалпы, адамда 4-5 метр шамасында ішек бар десек, солардың жұмысына қажеттілікті қамтамасыз ететін қан тамырлары бітеліп қалғанда, ішек қан жүрмеуінен қарайып, некрозға ұшырайды. Мұндай кезде ішекті сыртқа шығарып, стома қойылмаса адам өміріне қатер туады, – деді Жомарт Ғалымұлы.
Ол сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тек №2 аурухана қабырғасында осы ішекті реконструкциялау жүргізілетінін атап өтті.
– Сонда қалай, ішекті қайтадан ішке кіргізіп, салып бересіздер ме? – дедім қызығушылығым арта түсіп.
– Стомамен пациент бірнеше айдан 1-2 жылға дейін жүруі мүмкін. Сондықтан біз осындай ауруларға арналған арнайы кабинет ашып қойдық. Неге десеңіз, ішегі сыртта тұрған пациент ауруханадан шыққан соң тұрғылықты жеріндегі емханасына барады, ал ол жақта арнайы колопроктолог маман болмағандықтан көбіне реабилитациядан тыс, қараусыз қалып жатады. Сосын бұл өзі науқастарға үлкен психологиялық жүк артады. Сау адам қонаққа бармай ма, кісімен араласпай ма, сондайда беліне байланған дәрет құйылатын қапшығынан қысылады. Ал стома елордадағы ауруханалардың хирургия бөлімшелерінің барлығында жасалғанымен, оны қалпына келтіріп, ішке қайта салу тек бізде ғана жүзеге асады, – деді маман.
Дәрігерлермен әңгімеден аңғарғанымыз, жоғарыда айтылған дәрет жинайтын қапшықтың бағасы да арзан емес көрінеді. Кей ретте алыстағы аудан тұрғындары іздеп келеді екен. «Өз жағындағы дәрігерлерден «сіз енді өмір бойы стомамен жүресіз» дегенді естіп қамығып келген жанды қалыпты өмірге қайтару қандай қуаныш сыйлайтынын білсеңіз ғой», дейді дәрігер.
Ішекті дұрыстап, адамды физикалық және психологиялық тұрғыдан да кәдімгідей тіршілікке оралтып алғыс арқалаған дәрігерлер созылмалы іш қатуларынан, 10-15 күн бойына дәретке шықпайтын пациенттерді де дерттен құтқарып, оның пайда болу себебін анықтап, ем жасауды жаңа технологияға негіздепті.
– Созылмалы іш қатудың себебін іздегенде ол тоқ ішектің кеңеюі немесе ұзаруынан туады. Ұзарып кеңейгенде 10-15 см емес, 1-1,5 метрге дейін кеңейіп кетеді де, дәрет шықпай соның бойында апталап тұра береді. Ол пациентті дәреттік интоксикацияға алып келеді, қазақшаласақ ағза уланады. Науқастарға жаңа технология бойынша операция жасалып, лапороскопиялық әдіспен кеңейіп кеткен ішекті қалыпты жағдайына алып келеміз. Бұл да өте күрделі операция қатарында, бұрын бұл үшін шетелге барып, қыруар ақша төлеп жасататын, – деп сөзін жалғады Ж.Жалғасбаев.
Бөлімше меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жомарт Ғалымұлымен әңгіме барысында өз ісінің кәнігі шебері болуымен қатар, әр пациентіне деген жүрегінде аялаған сезім, өмірі ұзара түссе екен деген ықыласты аңдап:
– 14 жыл колопроктолог болып жұмыс істегелі әлі күнге ойыңыздан кетпейтін, қиын да күрделі жайтты айтып беріңізші, – деп өтіндім.
– Негізі әр дәрігердің есінен кетпейтін мұндай жайттар өте көп болады. Әр операцияға дайындық, одан оны атқарып шыққан соң да талай ұйқысыз түндер өтеді. Операция қалай жасалды, уақтылы ма, әлде уақытынан кеш қалдық па деген сараптаудан ми сарсып кететін түндер өтеді. Бізге хирургия бойынша ең асқынған іріңді инфекциясы бар науқастар келеді. Оңай еш нәрсе жоқ. Пациенттер уақытын өткізіп, дұрыс қаралмай, ауруын асқындырып келгенде қалай көмектесу жөнінде бас қатырамыз. Операциялар 5-6 сағаттап жүреді. Ауру жазылғандағы қуанышта тіпті шек болмайды. Бірде 18 жастағы келіншек бөлімшеге түсті. Босанғаннан кейін 10-ыншы тәулікте аяғын баса алмай келді. Алдында сан етінен жарақат алған екен. Жалпы, іріңді инфекцияда көзге көрінбейтін газды гангрена деген бар. Келіншектің аяғының шіріп жатқаны сырттай еш байқалмайды. Бұл бұлшық еттер арасымен тереңде жасырын жүріп жатқан үдеріс. Сондықтан мұндай кезде мамандардың өзі жасырын жүріп жатқан ауруды таба алмай, науқасты кейде үйіне қайтарып жатады. Біз де бірден ол диагнозды қоя алмадық. Сондықтан үйге жібермей бақылап, ақыр соңында операцияға алдық. Негізінде газды гангренада іріңдеу аяқтан басталса, ол ағза ішімен бойлап мойынға дейін жетеді. Ірің жоғары қарай өрлей береді. Оны кесе бересің, кесе бересің, ал ірің болса өрлеуін тоқтатпайды. Ондай жағдайда адам өмірмен қоштасады. Ал біз іріңді омырау тұсынан тоқтатып, операция жасадық. 25 күн ауыр халде жансақтау бөлімінде, одан барлығы 76 күн жатып, 4 рет операциядан өтіп, туғанына 87 күн болған баласына оралғанда аса бір қатты қуандым. Негізі хирургтер жұмысы ізденіс, тәжірибемен қатар алдыңда жөн көрсетер тәлімгерің арқылы сіңеді. Бұл ретте Батыр Айтмолдиндай тәлімгер ұстазым болғанын ауыз толтыра айтамын. Сол кісінің қарамағына келіп, енді жолын жалғастырудамын. Қазір менен үйреніп жүрген жас хирургтер бар. Өмір жалғастығы, сабақтастық деген сол емес пе? – деді бөлімше меңгерушісі.
Айтпақшы, жоғарыда аталған стома кабинеті пациенттерге қымбат қапшықтарды тегін беріп, пациенттердің жүгін жеңілдетіп жатқанын айтқан жөн. Бұл іске қаражат табылуы, стомадан соңғы өмірді сапалы етуді ойластыру оңай шаруа емес екені анық. Сондықтан елордада тұңғыш рет күрделі операцияны жолға қойған №2 көпбейінді қалалық аурухананың басшылығы мен бөлімше мамандарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар