Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Ескі көпір опырылып қалды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде қирамаған не қалды? Жолың әне, көпірің – міне. Автобустары ол... Күн суытқанда жылудың проблемасы және басталады. 9 тамызда Семейдегі ескі көпірдің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі опырылып түскен.

Ескі көпір опырылып қалды

Аяқ астынан дейін десек, әнеугүні тіреуі ажырап кеткен. Ол туралы әлеуметтік желіде жергілікті жұрт жарыса жазысқан. Тіпті фотосуретіне дейін жүктеген. Алайда жұрттың дабылына құлақ түрген бір басшы болмады. Сол кезде көздерін шұқып тұрып көрсеткен ақауға басшылардың бірі мән берсе, бұлайша опырылып жатпас еді. Абырой болғанда, бала-шаға өтіп бара жат­қанда құламаған. Әйтпесе, қаусап тұрған көпірдің үстінен адам аяғы үзілмейді. Ары-бері сабылысқан көлік те көп. Айтпақ­шы, баяғыда да беткі жабындысы ойылып қа­лып, автобустың дөңгелегі түсіп кеткен екен.

Семейдегі қоғам белсенділерінің айтуын­ша, көпір 1997 жылдан бері апаттық жағдайда тұр екен. Ол уақытта оң жағалау мен Жаңа Семейді жалғап жатқан жалғыз көпір-тұғын. Кейін 2001 жылы жаңа аспалы көпір түсіп, ескі көпірге түсетін салмақ азайған. Десе де, елу жылғы ескі өткел елге қауіп төндірмей тұрған жоқ.

Осы жолы көпір опырылып түсе сала, қала басшылығы оқиға орнына жеткен. Көпірдің қаңқасы бүтін дегендей пікір­ге келген олар қауіпсіздік үшін көпірді уақыт­ша жапқан. Алдағы күндері арнайы ма­мандар көпірді толықтай тексеріп, бір қорытындыға келеді. Дұрысы, жазатайым жағ­дай болмай тұрғанда, күрделі жөндеу керек шығар.

 

Шығыс Қазақстан облысы