Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды

«Қазақстанда апталық өсім 10%-ды құрады. «Дельта» штамының анықталуына байланысты шілдеде аурушаңдық өсті, бірақ тамыз айының басынан бері баяулағаны байқалды. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды», деді Денсаулық сақтау министрлігі Үкімет отырысында.

Министр 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9%-ға - 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендегенін атап өтті. Нұр-Сұлтанда көрсеткіш біреуден төмен болды, Алматыда R саны 19%-ға қысқарды.