Экономика • 11 Тамыз, 2021

Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Көрнекі сурет

«Ағымдығы жылдың жеті ай ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқын көрсетуде. Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелген», деді Ә. Ерғалиев.

Министрдің айтуынша, биылғы қаңтар-шілдеде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.