Е.Досаевтың айтуынша, дамыған елдерде инфляция 2021 жылдың соңына қарай тұрақталады деп болжануда, ал дамушы елдерде азық-түлік, шикізат инфляцияға қарсы қысым мен валюта бағамының әлсіреуі әсерінен 2022 жылдың соңына дейін мақсатты деңгейден жоғары болады.
«Қазақстандағы инфляция маусым айында күрт өсіп, 7,9%-ға жеткеннен кейін өсуін жалғастырды және ағымдағы жылдың шілде айында 8,4%-ға жетті. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Азық-түлік нарығындағы тұрақсыздық, шикізат бағасының өсуі және негізгі сауда серіктестеріміз, әсіресе Ресейдегі жағдай елдегі инфляцияның тұрақты өсуіне әсер етіп отыр», деді спикер.