«Картоп бағасының маусымдық өсуі сәуір мен маусым аралығында тіркелді. Одан әрі оңтүстік өңірлерде ерте пісетін картоптың өнімділігі артқан сайын өнім бағасы төмендеді. Максималды өсу сәтінен бастап баға 26%-ға немесе 54 теңгеге төмендеді. Тамыз және қыркүйек айларында солтүстік аймақтарда жаппай егін жиналады, бұл картоп бағасының одан әрі төмендеуіне ықпал етеді», деп мәлімдеді Сауда министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.
Сонымен қатар 557 мың тоннадан астам сәбіз жинау жоспарланып отыр. Бұл бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
«Пияз бен қырыққабат бағасы әлі де өсуде. Жыл басынан бері пияз 29% - 23 теңгеге қымбаттады. Қырыққабат бағасы 22 пайызға өсті. Сәйкесінше, бағаның төмендеуі тек тамыздың аяғында күтіледі», деп қорытындылады Сұлтанов.