Экономика • 11 Тамыз, 2021

Банк менеджері өзгенің атынан несие рәсімдеген

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан тұрғыны бұл жайттан банктен несиені төлеу мерзімін кешіктіргені туралы хабарлама алғанда бір-ақ білген, деп жазады Egemen.kz.

Банк менеджері өзгенің атынан несие рәсімдеген

diapazon.kz мәліметінше, жергілікті полиция департаментіне шағымданған азаматшаның атынан жалған несиені Ақтөбе қаласында орналасқан банк қызметкерлерінің бірі рәсімдеген.

Өткен жылдың наурыз айында 28 жастағы банктің кредит жөніндегі кеңесшісі ұялы телефон сататын дүкенде шағымданушының атынан «тауар алу бойынша» алаяқтық әрекетпен несиені рәсімдеп жіберген. Тергеп-тексеру процесінде қызметкер кінәсін толық мойындаған. Бүгінде ҚР Заңы «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Егер сіздің атыңызға да осындай жолмен жалған несие рәсімделгенін білсеңіз, бірінші кезекте полицияға хабарласуыңызды сұраймын. Екінші, несие берді деп көрсетілген қаржы институтына өтініш жазу керек. Онда сіз тауарды не қаражатты алмағандығыңыз туралы анықтама беріп, қызметтік тексеру жүргізуді сұраңыз», дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысы Атығай Арыстанов.