11 тамыздан бастап елордада жыл сайынғы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы басталады. Оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімін, аяқ киімін және оқу керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрсетілетін көмек мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 13 245 оқушы оқу жабдықтарымен қамтылды. Биыл 15 мыңға жуық оқушыны жаңа оқу жылына даярлау жоспарлануда.
Жалпы оқыту шеңберінде көмек келесі санаттағы оқушыларға көрсетіледі:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
- Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;
- Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
- Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге.
Биылғы жылдың жаңалығы - көмек «Атамекен» ӨКП ұсынған BMC Sales цифрлық платформасы арқылы көрсетілетін болады, онда жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар пайдаланылатын болады.
Әлеуметтік бірліктердің қозғалысын жеке кабинеттерде алушылар, әлеуметтік педагогтар, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшілері қадағалайды, бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қатысушылар-компаниялар мен сауда нүктелерінің саны артты. Егер өткен жылы бағдарламаға 16 компания және 27 нүкте қатысса, биыл 18 компания және 30 сауда нүктесі қатысуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта мектептер балалардың дерекқорын автоматтандырылған жүйеге толтыру бойынша жұмыс жүргізуде, ақпарат мәртебенің жаңартылуына және расталуына қарай енгізіледі.
Жалпыға міндетті оқыту шеңберінде көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектепке жүгінуі қажет.
Өтінішті мектептің алқалы органы 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Бағдарлама 11 тамызда басталып, 31 қазанда аяқталады.
Сонымен қатар, елорда оқушыларына «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да көмек көрсетілетін болады. 2021 жылдың басынан бастап 3 648 оқушы көмек алды, барлығы 7 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер 2 100 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстайды.
Акция аясында көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» бетіне өтінім беру қажет.
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Бүгін, 22:01
Қырғыз соты Алмазбек Атамбаевты кінәсіз деп таныды
Әлем • Бүгін, 21:47
«Тұмар-2022» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 21:05
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:42
Салық жүйесі тұрақты әрі түсінікті болуы керек – Ерлан Қошанов
Үкімет • Бүгін, 20:22
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 20:00
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Атырауда «Жайық Жарығы» ЖШС директоры сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Ұқсас жаңалықтар