Білім • 11 Тамыз, 2021

Жаңа оқу жылында кімдер онлайн оқиды?

651 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ата-анасы коронавирус жұқтырған немесе науқастармен байланыста болған балалар оқу орындарына бара алмайды. Олар үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-ның тікелей эфирінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа оқу жылында кімдер онлайн оқиды?

«Егер өзі ауыратын немесе отбасында ауыратын адам анықталса, ол бала мектеп ғимаратына жіберілмейді.

Біз үшін балаларды қауіп-қатерден қорғау маңызды. Егер студенттің немесе оқушының ата-анасы ауырып қалса немесе науқастармен байланыста болса, біз оқушының ауырмайтынына кепілдік бере алмаймыз. Бұл жағдайда қабылданған шешім орынды деп ойлаймын», деді министр журналистің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министр бұл шектеулердің уақытша болатынын айтты. Ashyq қосымшасының мәртебесі өзгергеннен кейін мұндай оқушылар мектепке немесе университетке оралады.

«Біздің мектептер де қазір дайындалуда, олар үшін мерзімді түрде онлайн оқытуды ұйымдастыру қажет», деп түсіндірді Аймағамбетов.