Коронавирус • 11 Тамыз, 2021

Vero Cell қандай вакцина?

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамызда Қазақстанға Бейжің биологиялық институты әзірлеген Vero Cell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vero Cell қандай вакцина?

Вакцина үш кезеңнен тұратын сынақтан өткізілген. Соңғы кезең нәтижелері 21 күн аралықпен берілген вакцинаның екі дозасы SARS-CoV-2 инфекциясына қарсы 79% тиімді екенін көрсетті. Жанама әсерлері салдырғаннан кейін екі аптадан соң жоғалады.

Vero Cell вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға егу ұсынылады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған адамдарды вакцинациялау бойынша сынақ жүріп жатыр.

Препаратты қаптамасында тоңазытқышта +2 -ден +8°С-ге дейінгі температурада бір жылдан аспайтын уақыт немесе қаптамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Вакцинация шарттары:

Препарат аллергиялық реакция берген жағдайда оңай медициналық көмек көрсетуге болатын жерге егіледі;

Температурасы 38,5°С-тан жоғары адамдар дене температурасы қалыпқа келгенше вакцинаны кейінге қалдыруы керек;

Коронавирус жұқтырған адам толық емделмейінше салдырмағаны жөн;

Егер бірінші доза адамдарға анафилактикалық реакция тудырса, екінші дозасы тағайындалмайды.

Қазіргі уақытта вакцинаның созылмалы аурулары бар адамдарға, 60 жастан асқан адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, ВИЧ-позитивті адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат нақтыланған жоқ.