Қазақстан • 11 Тамыз, 2021

Қазақстанның тікұшақтары Түркияға көмекке барды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орман өртін сөндіруге көмек көрсету үшін аттанған қазақстандық тікұшақтар Түркияға жетті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның тікұшақтары Түркияға көмекке барды

Фото: ТЖМ

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамызда сағат 13.25-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 Ми-8АМТ тікұшағы мен 16 қызметкері  Даламан қаласына келді», деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Енді Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы Түркия Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына көмектеседі.