17 Қаңтар, 2014

Заң талабы орындалуымен маңызды

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1701-imagesЗаң талабының орындалуы қай кезеңде де өз маңызын жоймаған. Бірақ, қылмыстың орын алуы әр жылдары әрқилы сипат алып отыр. Мәселен, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында өткен жылмен салыстырғанда, түрлі деңгейдегі қылмыс 17,6 пайызға (448-ден 527-ге) өскен. Бұл жерде ұрлыққа қатысты қылмыстың саны басым болып тұр.Сонымен бірге, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 89-дан 152-ге (70,7 пайыз), мас күйінде қылмыс жасау 58-ден 82-ге (41,3 пайыз) және бұрын сотты болғандармен қылмыс жасау 11-ден 2-ге (9,1 пайыз) өсті. Дегенмен, ауыр қылмыстар 56-дан 32-ге немесе 42,8 пайызға кеміді. Ал кісі өлтіру 3-тен 1-ге немесе 66,6 пайызға, қорқытып алу 4-тен 2-ге немесе 50 пайызға, есірткі 6-дан 3-ке немесе 50 пайызға төмендеді.Жалпы,біз әрбір қылмыстың жіті тексерілуін бақылауда ұстап, азаматтардың шағымына зейін қоямыз. Облыстық прокуратураның жүктеген міндеті осындай. Осының негізінде жасырылған қылмыстар әшкереленді.

Прокурорлық қадағалаудың күшейтілуі нәтижесінде қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша дер кезінде шешім қабылдау тиімділігі, яғни үш тәулікте шешім қабылдау бұрыңғыға қарағанда жақсара түсті. Мұндай жүйелі жұмыс азаматтардың құқықтарын заң тұрғысынан қорғауға негіз қалап отыр.Сөзімізге дәлел болу үшін мына окиғаны айта кеткен жөн болар.Аудандық ішкі істер бөлімі КПБ-нің жедел уәкілі Е.Б. дәнекерлеу аппаратының ұрлану оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысы бар деген сезіктіні тірек пунктінде ешқандай хаттама толтырмай, 3 сағаттан артық заңсыз ұстаған. Бастысы, алдын ала тергеу мен анықтаудың сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде аудандық сотпен жеке қаулының шығарылуы, қылмыстық істің прокуратура мен соттан қосымша тергеуге жолдануы орын алған жоқ. Осы ретте, тергеу мерзімі бұзылып аяқталған қылмыстық істердің саны 31,5 пайызға (38-ден 26-ға) азайтылғанын еске саламыз. Сондай-ақ тергеу өндірісіндегі қылмыстық істерге жазбаша нұсқау беріліп, 21 адам тәртіптік жазаға тартылды.

Алмат Абдуллаев,

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы прокурорының аға көмекшісі

 

Соңғы жаңалықтар