17 Қаңтар, 2014

Алматы облысындағы полицей ұрыны босатып жіберді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 01-AlmatiАлматы облысында мал ұрлығы тиылмай тұр. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.

Ұрылардың тұрғындарды басынғаны соншалық, тапа-тал түсте мал қораларына кіріп, бір үйдің 46 ірі қара малын ұрлаған. Жалпы, 3 ай ішінде Қараой ауылынан 130-ға жуық төрт түлік қолды болыпты. Бір таңқаларлығы, тұрғындар ұрылардың кім екенін полицейлерге айтқанымен, олар «нақты дәйек жоқ» деген желеуді алға тартып, шара көруге асықпаған көрінеді.

«Ұрыны мен өзім ұстап алып едім. Бірақ, учаскелік инспекторды шақырғанда ол арызымды қабылдамады. Айтуынша, ұрланған малдың бағасы небәрі 450 мың теңге, сондықтан бұл қылмыстық іс қозғауға жатпайтын ұрлық екен. Кемі 900 мың болғанда ғана іс қозғалады дейді. Осындай да сөз бола ма өзі? Бір қап картоп ұрласаң да соттайды ғой», - дейді шаруа қожалығының иесі Нариман Гусейнов.

Тұрғындар айтқан ұрыны құқық қорғау қызметкері сол күні босатып жіберген. Қазір оның қайда екенін ешкім білмейді.

Іле аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Талғат Беркімбаевтың мәлімдеуінше, мал ұрлаған күдікті сырттан келген. Сондықтан шаруалармен бірлесіп, күзет қызметін күшейтетін болып отыр.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы

Фото: «КТК» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар