Бүгін таңертең төрт облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдардың учаскелері ашылды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Кеше боранға байланысты Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген-ді. Осы жолдар бүгін ашылды.
Қазіргі таңда барлық автокөліктер үшін Ақтөбе облысы аумағындағы Қандыағаш- Ембі- Шалқар-Ырғыз автожолының 257 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығында жол жабық тұр. Аталмыш учаскеде «Қазақавтожол» РМК филиалының арнайы техникалары кезекшілік жасауда.
Әбдірахман Қыдырбек.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы
Фото: Youtube.com.