Қазіргі таңда әлеуметтік желінің дамуы киберкеңістіктегі қылмыстардың көбеюіне алып келуде. Халық көбіне білім, медицина, әлеуметтік салалар, банк жүйесі бойынша түрлі қылмыстың құрбанына айналады дейді заңгерлер.

Бұл туралы мамандар MEDIA CLUB QAZAQSTAN алаңында өткен кездесуде баяндады. Жиында халықаралық заңгер, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің аға оқытушысы Дана Мұхамеджанова еліміздің заңнамасында кибербуллинг термині қарастырылмағанын атап өтті.
– Кибербуллинг түсінігі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылмаған. Құқықбұзушылық пен залалдың нұқсанына байланысты әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жала жабу немесе адамның жеке басына қол сұғу мәселелері, адамға ақпараттық жүйелер арқылы зорлық-зомбылық жасау, қорлау сияқты түрлі қылмыстары үшін жауапкершілік салааралық нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген. Өз кезегінде технологиялық компанияларға қолданушыларын, әсіресе балалар мен жастар сияқты әлеуметтік желілер тұтынушыларын қорғау міндеті жүктелген. Халықаралық тәжірибеге қарайтын болсақ, кейбір мемлекеттерде киберқорлықтың құрбандары интернеттегі қауіпсіздігін арнаулы органдарға немесе әлеуметтік желілердің әкімшілігіне жүгіну арқылы сақтайды. Ол үшін әкімшілік қорлайтын ақпарат жіберуші адамның аккаунтын уақытша немесе біржолата шектейді не бұғаттайды. Көптеген мемлекетте кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңдар қабылданған. Соның бірі – 2000 жылғы Children's Online Privacy Protection Act заңы. Аталған құжаттың аясында виртуалды әлемде балаларды теріс пікірден, зорлықтан, әлімжеттіктен қорғайтын ережелер қарастырылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда ондай бөлек құжат жоқ, – дейді халықаралық заңгер.
Кез келген адамның кибербуллинг құрбанына айналуы ғажап емес. Психолог Серікгүл Сали ондай жағдайға тап болған адам кибербуллингті қиындық ретінде емес, рухани дамуына жасалған қадам ретінде қабылдауы керектігін айтты.
– Әлеуметтік желіде кибербуллингке тап болмайтын адам жоқ. Өмірде барлығына ұнау мүмкін емес, виртуалды әлемде де сізді ұнатпайтындар табылады. Ондай жағдайда адам өзінің жалғыз емес екенін естен шығармауы қажет. Жақындарымен сөйлесіп, теріс пікір жазушыларды бұғаттап, қажет болса, бірнеше күн әлеуметтік желіге кіруден бас тарту керек. Жалпы, мұндай жағдайды бастан кешірген адам еңсесін түсірмей, керісінше мұны рухани әлемді бекітуге арналған саты деп қабылдауы керек. Кибербуллинг балалар арасында көп кездеседі. Бұл жағдайдан бала өз бетімен шыға алмайды, жаман мен жақсыны ажыратуды білмейді. Сондықтан ата-анасы, мұғалімдері, мектеп психологы көмектесуі керек. Оған үлкендер араласпайынша, буллинг тоқтамайды, – дейді психолог маман.
Заңгерлердің айтуынша, кибербуллингке тап болған адам, ең алдымен, аккаунтына үшінші тұлға кіре алмайтындай жабуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік желі әкімшілігіне балағаттау және қорлау мақсатында жазылған пікірлердің скриншоттарын жіберіп, фактіні растау керек. Бұл әрекеттер тиімсіз болған жағдайда, құқық қорғау органдарына немесе компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне kz-cert.kz өтініш жазу немесе «жедел желіге» 1400 хабарласу қажет.
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Ұқсас жаңалықтар