Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Ауыл шаруашылығы министрлігі үндеу жасады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге қайырымдылық көрсетіп, қол ұшын созуға шақырды, деп жазады Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі үндеу жасады

«Қолайсыз ауа райы ауыр зардаптарға әкеп соғады. Қазақстанның көп аймағында ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкелді. Жауын-шашын аз болғаны, Маңғыстау облысына қатты әсер етті. Министрлік барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын қолдауға және көмектесуге шақырады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлері табиғаттың құбылыстарынан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлермен ынтымақтасып, бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырған арнайы қорға жібереді», делінген үндеуде.

Ведомоствоның ресми сайтында қаражатты аудару туралы мәлімет берілген. Қазақстандықтардан төлемде «құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қорын» көрсетуді сұрайды.

Бүгінде жаппай ел территориясында еріктілер мен белсенділер арнайы көмек ұйымдастырып жатыр.