Әлем • 12 Тамыз, 2021

Солтүстік Корея Олимпиада ойындарын енді ғана көрсете бастады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея телеарнасы Токиодағы Олимпиада ойындарын көрсетуді үш аптаға кеш бастады, деп жазады Egemen.kz NK News-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Корея Олимпиада ойындарын енді ғана көрсете бастады

10 тамызда елдің басты телеарнасы KCTV 21 шілдеде Ұлыбритания мен Чили әйелдер футбол командалары арасындағы матчты көрсетті. Ол 70 минут бойы комментаторсыз көрсетілген және сапасы да нашар болған.

«Алаңдағы жазулардың бәрі бұлыңғыр болып көрсетілді. Мүмкін олар лицензиясыз жазба деп танылды», деп түсіндірді газет.

Портал Пхеньянға биылғы жылы Токио ойындарынан қандай да бір бейне түсірілім алған-алмағаны туралы ресми ақпарат сұрады, бірақ редакторларға жауап келмеді.

«Солтүстік Кореяда интернет пен халықаралық телеарналарға кіруге тыйым салынған. Сондықтан Олимпиада ойындарын кеш көрсетуінде ерекше ештеңе жоқ. KCTV хабарлары әдетте бірнеше аптаға, кейде тіпті жылға кешіктіреді», деп жазады портал.

Айта кетейік, сәуірде Солтүстік Корея COVID-19 пандемиясына байланысты Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді.