Экономика • 12 Тамыз, 2021

Қант бағасы қашан арзандайды?

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Кушукова қант бағасын бақылауда ұстау үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қант бағасы қашан арзандайды?

«Ішкі бағаны реттеу мен тұрақтандыру және негізгі тауарларды тұтынуға жіберу шеңберінде қантқа қатысты бірқатар шешім қабылданды. Өткен жылдан бері қант бағасының айтарлықтай өскенін көрдік. Бұл 2020 жылы қант қызылшасының төмен өніміне және қант құрағының күрт қымбаттауына байланысты», деді Жанель Кушукова департамент басқармасында.

Осыған байланысты 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында 134,4 мың тонна қант құрағы мен дайын қант импортына квота белгілеу туралы шешім қабылданды.

«Бұл бізге қант бағасының қажетсіз өсуін төмендетуге және қант өндіруші компаниялардың жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», деді спикер.