Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сарапшылары бұл көрсеткішті өңірлерде енді аяқтан тұрып келе жатқан кәсіпкер-фермерлер үшін үлкен кедергі деп таныған. Сол үшін аталған қағидаға түзету енгізіп, «Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту» жобасының № 5 паспортына ірі қара малды біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін, қойды да біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін азайту жолымен» кәсіпкердің инвестициялық шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қажет деген нұсқау беріп отыр.
«Мәселе шешілу үстінде. Аталған тосқауылды агенттік мамандары ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірге пысықтап жатыр», делінген Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігінің түсіндірмесінде.