1. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемін 4,5 есе ұлғайту – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін.
2. Саламатты өмір салтын бекіту және медицинаны кадрлық-технологиялық дамыту қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзартады.
3. Қазақстан жетекші еуразиялық медициналық туризм орталықтарының біріне айналады.
4. Қазақстан әлемдегі халықтардың өмір сүруі үшін ең қауіпсіз және қолайлы елдердің біріне айналуы тиіс.
5. Мобильді және мультимедиалы нано және ғарышты технологияларды, радиотехниканы, гендік инженерияны, болашақтың энергиясын іздеу мен ашу салаларының негізі.
1. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемін 4,5 есе ұлғайту – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін.
2. Саламатты өмір салтын бекіту және медицинаны кадрлық-технологиялық дамыту қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұзартады.
3. Қазақстан жетекші еуразиялық медициналық туризм орталықтарының біріне айналады.
4. Қазақстан әлемдегі халықтардың өмір сүруі үшін ең қауіпсіз және қолайлы елдердің біріне айналуы тиіс.
5. Мобильді және мультимедиалы нано және ғарышты технологияларды, радиотехниканы, гендік инженерияны, болашақтың энергиясын іздеу мен ашу салаларының негізі.
6. Қазақстандық бизнестің, ең бастысы, шағын және орта бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау.
7. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық жолға көшіруді қамтамасыз ету.
8. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясының үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою.
9. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыруға және делдалсыз өнім өткізу рыноктарына тікелей қол жеткізуі тиіс.
10. Қазақстан өңірлік ірі ет, сүт және өзге де жер өңдеу өнімдерін экспорттаушылардың бірі болуы керек.
11. «Жасыл экономикаға» көшу жөнінде қабылданған тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай егістік алқаптарының 15 пайызы ылғал сақтайтын технологияларға көшірілетін болады.
12. Ел үшін жұмыс істейтін және оны дамыған елдердің көрсеткішіне дейін жеткізетін ғылымды нақтылы әзірлемелер мен ашқан жаңалықтары үшін қаржыландыруды сатылап ұлғайтудың нақтылы жоспары қажет.
13. Ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан әрі Шымкент пен Ақтөбе ғылымның және инвестициялар мен халықты тарту орталығы бола отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы алғашқы урбанистік орталықтарына айналмақ.
14. Жүкті кедендік өңдеу мерзімдерін қысқарту, шекара өтпелерінің өткізу қабілеттерін арттыру, Ақтау портының қуатын күшейту, экспорттық-импорттық операциялар ресімдерін жеңілдету.
15. Қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіру үшін жағдайлар жасау, электромобильдерді енгізу және олар үшін тиісті инфрақұрылым құру.
16. АЭС үшін өз отынымызды өндіруді дамыту және атом стансаларын салу.
17. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою.
18. 2020 жылға қарай қазақстандық 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз ету.
19. Таяудағы үш жыл ішінде оқу орындарының жетіспеу проблемасын жою және елдің бүкіл мектептерін екі ауысымдық оқуға көшіру.
20. 2016 жылдың 1 қаңтарынан стипендиялар көлемін 25 пайызға арттыру.
21. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеу.
22. Мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмысшының оның денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі – бүкіл медициналық қызмет көрсету жүйесінің басты қағидаты.
23. 2015 жылдың 1 шілдесінен денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерін 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау саласын 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ететіндей азаматтық қызметшілер еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделін енгізу.
24. 2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектік және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін 25 пайызға арттыру.
25. Заң алдындағы тепе-теңдік құқық қорғаудың шынайы негізіне айналуы тиіс.
26. Сот жүйесі іс жүзінде мөлдір және қолжетімді болып, барлық дауларды қарапайым және жылдам шешуі керек.
27. Бүкіл құқық қорғау жүйесінің жұмыс сапасын арттыру.
28. Бір мезгілде олардың нәтижелер үшін жауапкершілігін күшейте, халық алдындағы есептілігін арттыра отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру қажет.
29. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылдың 1 шілдесінен – 15 пайызға, ал 2016 жылдың 1 шілдесінен тағы да 15 пайызға арттыру.
30. Үстіміздегі жылы экономиканың өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету.
31. Ұлттық Банк пен Үкіметке инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету жөнінен шаралар кешенін қарастыру.
32. Төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын орналастыру, инвестициялар көздері және құрылыстың мерзімі бойынша мәселелерді шешу.
33. Экономикада, саясатта және әлеуметтік өмірде ешқандай секірістерге, ойластырылмаған эксперименттер мен арандатуларға жол бермеу керек.
34. Қарапайым адамдардың әлеуметтік жай-күйлері біздің басты мақсатқа қарай қозғалуымыздың ең маңызды индикаторы болуы тиіс.
35. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысымен бірге «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауы керек.