Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Қызылордада аса ірі көлемдегі есірткі тасымалдаушы ұсталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда полицейлері жалпы салмағы 352 грамм болтын «мефедрон» синтетикалық есірткісін таратып жүрген адамды құрықтады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордада аса ірі көлемдегі есірткі тасымалдаушы ұсталды

Бұл Қызылордада айналымнан алғаш алынған қауіпті есірткі препараттарының бірі.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10 тамыз сағат 14:30 шамасында Қызылордада Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан жалпы салмағы 116 грамнан асатын «мефедрон» синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Күдіктінің қала орталығынан жалдаған пәтеріне тінту жүргізу барысында оны синтетикалық есірткі дайындайтын кішігірім зертханаға айналдырғаны анықталды.

Пәтерде сатуға дайындалған 91 данаға бөлектенген ақ түсті ұнтақ, сонымен қатар таразы, рулон фольга, түрлі-түсті изолента, скотчтар, түрлі-түсті бояғыштар, дәмдеуіштер анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.