Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Желіде улы зат бүрку туралы жалған ақпарат таралуда

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазнетте Алматыда «улы зат шашу» туралы жаңа фейк видео жарияланды. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде улы зат бүрку туралы жалған ақпарат таралуда

Қала ағаштарын өңдеу процесін түсірген қолданушы, Instagram желісіне «қала тұрғындары уланып жатыр» деп жазған.

«Қалада «Дезинфекция» мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар тиімділік үшін түнгі уақытта жүргізіледі, себебі биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады», деп жазды ведомство өкілдері спортшы парақшасындағы жазбаға түсініктеме бере отырып.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау шаралары қалада жыл сайын өткізіліп отыратынын және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын алға тартты.

«Биологиялық өнімдер - тірі организмдерді синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте кең. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жемістер мен жапырақтар ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым: олар зиянкестердің ішкі ағзаларын зақымдап, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеледі», деп түсіндірді департамент қызметкерлері.

StopFake.kz атап өткендей, аралас жекпе-жектің жауынгері Қуат Хамитов бұған дейін де жалған ақпарат таратқан.