Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Жуырда Түркіменбашы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Қос тарап жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.