Нұр-Сұлтан қаласында бір тәуліктің ішінде жедел жәрдем қызметіне 3 300-ден аса қоңырау түсіп, мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан аса шақыртуға барады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.

«Өкінішке қарай, елордада коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі бәсеңдемей тұр. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық жағдайға байланысты «қоңыр қызыл аймақтан» шығып, «қызыл аймаққа» өтті. 11 тамыздағы жағдай бойынша инфекциялық стационарларда 2 699 науқас жатыр, осылайша жүктеме 69%-ды құрап отыр. Орташа есеппен тәулік ішінде 300-ге дейін адам ауруханаға жатқызылады. Стационарларда 3 900-дан аса төсек-орын бар. Қазіргі уақытта қала бойынша 16 инфекциялық стационарда 7 мыңға жуық медицина қызметкері індетпен күресіп жатыр», деді Т.Мұратов.
Сондай-ақ басқарма басшысы бүгінде жедел жәрдем бригадалары, 103 қызметі және бастапқы медициналық санитариялық көмек беру ұйымдарындағы мобильді бригадалардың жұмысы қарқын ала түскенін айтты. Бастапқы медициналық санитариялық көмек беру ұйымдарында 12 мыңнан аса науқас коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр. Қала әкімнің тапсырмасымен мобильді бригадалардың саны 300-ге дейін көбейтілді.
«Ересектерден бөлек, коронавирус ауруы балалардың арасында да кездеседі. Қазіргі таңда елордада 74 бала стационарда ем қабылдап жатыр, оның ішінде 7 баланың жағдайы ауыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Ал 834 бала амбулаторлы түрде ем алып жатыр», деді Тимур Мұратов.
Басқарма басшысының мәліметінше, елордада жыл басынан бері коронавируспен 10 мыңнан аса бала ауырып шықты.
«Вирусты жұқтырушылар жаз мезгілінде көбейіп отыр. Маусым айынан бастап балалар вирустың айқын клиникалық белгілерімен түсе бастады. Бұл улану, қалтырау, дене қызуының көтерілуі сияқты көріністер де болуы мүмкін. Балалардың отбасындағы екпе алмаған адамдармен байланыстан соң ауыра бастағанын атап өткім келеді. Яғни вакцина алмаған азаматтар вирусты өз балалары мен жақындарына жұқтырады», дейді ол.
Елордада 366 мыңнан аса адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Бүгінде 284 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Халықтың вакцина алуын қамту мақсатында медицина ұйымдарында, сауда орталықтарында екпе егу бекеттерінің жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ елордада 8 сауда ойын-сауық орталығында (Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, Сарыарқа, Еуразия, Мечта дүкені) вакцина алу бекеттері жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде сауда және ойын-сауық орталықтарында барлығы 60 мыңға жуық адам вакцина алды.
Т.Мұратов соңғы уақытта халықтың вакцина алу белсенділігі байқалатынын, адамдар өз денсаулығымен қатар айналасындағылардың да саулығы туралы саналы түрде ойлана бастағанын атап өтті.
Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады
Қазақстан • Бүгін, 17:24
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 17:20
АҚШ-та шіркеуге шабуыл жасалды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:02
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
ANTIKOR • Бүгін, 16:49
Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады
Елорда • Бүгін, 16:48
Алматы-Ташкент пойызы қайта жүре бастады
Қоғам • Бүгін, 16:33
Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:23
Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 16:12
Жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен
Қоғам • Бүгін, 16:02
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:43
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Қоғам • Бүгін, 15:32
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Еліміздегі ақылы автотұрақтарға өзгеріс енгізілді
Елорда • Бүгін, 15:05
Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады
Қоғам • Бүгін, 14:23
ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі
Қоғам • Бүгін, 13:52
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығынын кім төлейді?
Қоғам • Бүгін, 13:28
Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:09
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:35
Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Есірткі сататын 655 сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:09
4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Елімізде бір аптада 3,1 мың қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 11:38
Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар