Біздің қазақы түсініктен таған тартсаңыз тап осы туындыға былай анықтама берер едіңіз. «Адамның басы – Алланың добы». Бұдан артық тәмсіл таппасыңыз тағы аян. Ал мүсінші Томас Лерой олай ойламайды. Кешіріп қойыңыз, ең ауыр дерт – сана дерті. Салмақтап көріңізші, ойдан терең шыңырау бар ма, осы? Бір құласаңыз, қайтып шығуыңыз екіталай. Білесіз бе, біз көтерген ең ауыр жүк – біздің басымыздағы ақыл. Қалғаны күйбең тіршіліктің күйкілі ғана.

Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атаукересінде» әрбір кейіпкердің ішкі қасіреті қоғаммен қатар дамып, оқырманға сәулесін түсіріп тұратыны несі екен!? Тосырқанасыз, өз үрейіңізден тоңазисыз, сәлден соң әлденені топшылайсыз. Тағдырынан теріс айналған Тағанның жан қайғысы бүтін материкке тиесілі секілді. Ол осы беймарал кезеңде өмір сүрсе де мына кеңістікке сыймас еді. Қарғалар ұшқан биіктік қыранға өлшем болып па? Мұрынына мейірімділіктің иісі бармайтын ортада сенің парасат-пайымың құмға сіңген судай ғана. Орыс қаламгері Александр Грибоедовтың «Ақылдың азабы» атты шығармасында елден ойы озық Чацкийді ортасы жындыға телитіні бар емес пе? Қандай парықсыз айып десеңізші. Әділетсіздікпен жалғыз күрескен ақыл иесі ақыры өз шындығын сүйгеніне де мойындата алмай кетеді. Міне, әрбір дәуір таланттарды осылай өлтірген. Өлтіре береді де... Дұрыс, дүние дүр сілкініп жаңара алмайды. Сосын тарихтың кемшілігін бетіне баса алмайсыз. Өкінішті...
Таған демекші, шығармадағы мына мәтіннің көкейден әлі кетпей жүргені. «Табиғат қате жібермейді, егер «ақымақты» дүниеге келтірсе, онда сол ақымақтың да бір нәрсеге қажет болатыны; Табиғатта адамнан басқа артық нәрсе жоқ, тек біздер ғана жаратушының гармониялық берік байланыстағы тізбегіне кіре алмаймыз...». Иә, жақсы бар жерде жаманның жүруі заңдылық. Біз адамның жақсылығын іздегенде жаманның әрекетіне үңілеміз, салмақтап салыстырамыз. Адам өздігінен антұрған болмайды, оны мәжбүрлейтін тасбауыр қоғамның қайшылықтары. Кемшіліктің киімін киіп ешкім дүние есігін ашпайды, кемшілікке үйрететін үлкендер, сіздерсіздер! Туған жерден безіну, ішімдікке салыну, ана тілінен жеріну, дәстүр мен салтты саудалау да солай... Бізге бәрін үлкендер үйреткен. Себебі олар Таған, Чацкий секілді кейіпкерлерді жындыға балаған, дәл қазақтың Абайды сабағанындай, Біржанды байлап қойғанындай, Шәкәрімді құдыққа тастағанындай, Әлиханға есік ашпағанындай...
Жазушы Төлен Әбдік «Ақиқат» повесінде XVI ғасырдағы бір ойлы оқиғаны мысалға алады. Сол дәуірде Перуде инкілер империясы асқақтап тұрса керек. Бұған дейін бұл өлкені сан алуан бейбіт тайпалар қоныс еткен екен. Ат төбеліндей инкілер қарамағына ұйысқан қараорман халықты оп-оңай басып алып, әмірін жүргізіпті. Жергілікті халық таң атқаннан кеш батқанға дейін титықтап жұмыс істеп, қоректік азық ала алмайды. Әміршілері тұр десе тұрады, отыр десе отырады, тіпті өл десе, өлуге дайын. Құлша қимылдайды. Алайда осынша құлақкесті бағыныштың сыры тереңде жатқан еді.
Сол алмағайып кезеңде жаппай ел кока жапырағын шайнайтын-ды. Әлгі өсімдіктің жапырағын жуып, күлге араластырып шайнаса адамның бойына алдамшы күш-қуат еніп, көңілі тасып, шаттыққа кенеледі. Бір сәттік ләззатқа түсіп, буыны балқиды-мыс. Тіпті маңайдағы сыртқы өмірге енжарлық билейді. Дәмін татқан адам асқа, тіпті ұйқыға қарамастан есірік күймен зорыққанша жұмыс істеуге бейіл. Ал қулығына құрық бойлатпайтын инкілер жапырақтың құпиясын жатқа білген. Дүние күйіп кетсе де бір мезеттік рахаттан бас тартып, өзінен әлдеқайда көп халықты тізе бүктірген екен.
Кейін кока жапырағының кәдімгі есірткіден айырмашылығы жоқ екені анықталды. Яки оны пайдаланған қоғам толықтай нашақор болған. Әрине, өздері сезбесе де. Енді қараңызшы, инкілер бұл қадамға бармаса ұлт ретінде жер бетінен жойылып кетер еді. Олар өмір жолында өзгені құрбан ете отырып, өзінің болашағын сақтап қалды. Саналы түрде. Кейде адамның ақылы ғұмырына сәуле шашқанымен, екінші біреуге көлеңкесін түсіріп тұратыны бар. Қаруды қорғану үшін ойлап тапты делікші. Ал оны біз жоюшы құрал ретінде пайдаланамыз. Оны ойлап тапқан адамның ақылы адам төзгісіз азапқа айналғанын көру қандай қасірет десеңізші.
Біз, шындығында алдамшы идеялардың нәтижесіміз. Билік сахнасында әлдекімдер ойлап тапқан жалған жобалардың, пайдасыз процесстердің, дүмбілез демократияның, қолдан жасалған тарихтың, пұшайман патриотизмнің бақшасында шикі піскен жемістерміз. Сіз, мен, олар – барлығымыз. Әйтпесе, сау адам жылтыраққа құмар, құр таласқа бейім, тәжікемен әуре, дау-дабыраға құрылған бадам нәрселерге әуес келе ме? Мұндай ортаға үлкен бастар сыймайды. Қай дәуірде де солай болған, бола да бермек. Әуезовше айтсақ, бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
Бар ойдың бастауы Томас Леруаның туындысы. Мүсінші адам ғұмырының шиеленістерін сипаттайтын шығармаларды өмірге әкелуімен құнды. Ол жамандыққа һәм өлімге қарсы, тіпті өмір ағынына қарсы жүзуге бейіл. Ал өлімге жауыға қарайтын жан өмірге құштар болмаушы ма еді!?
Ойлаңызшы, өмірге қалай іңкәр болуға болады. Егер онда ізгілік болмаса... Мүсінші мұнда өмірден астар мен мән іздеген жолаушы кейіпте. Қайта өрлеу дәуіріндегі қасиетті шейіттердің бейнелері секілді біртүрлі скульптуралар жұмбақ ойлардың жиынтығын сомдайды. Осылайша, барлық қайғы-қасіреттің санадан туатынын әшкерелейді. Тағы қайталағымыз келеді, ең ауыр дерт – сана дерті.
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Қоғам • Бүгін, 21:25
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар