Іс-шара барысында Бельгия тарапына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның құндылықтары туралы ақпарат берілді. Абайдың құндылықтары әйгілі бельгиялық ақын Гидо Гезелльдің құндылықтарына ұқсас.
Француз тілінде жарық көрген «Қара сөздер» жинағы Брюссельдегі муниципалдық кітапханалар мен мектептерге сыйға тартылды.
Айта кетсек, Бельгия Корольдік кітапханасы 1837 жылы құрылған. Бүгінгі таңда Корольдік кітапханасы елдегі ең үлкен кітапхана болып саналады. Кітапхананың 17-қабаттық қорында 6 миллионнан астам кітап бар.