Саясат • 13 Тамыз, 2021

Спорт саласын реформалау бағытында

579 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр­дің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде бұқа­ралық және балалар спортын дамытудың қазіргі проб­лемалары мен перс­пекти­валары жөнінде арнайы кеңес өткізді. Кеңеске Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райым­құ­лова, салалық министрлік­тердің, өңірлер әкімдік­терінің басшылары және т.б. қатысты, деп ха­бар­лады Үкімет басшы­сының баспасөз қызметі.

Спорт саласын реформалау бағытында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спорт саласы одан әрі реформалауды талап етеді. Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдардың алдына бірқатар маңызды міндет қойды:
• Бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру.
Биыл халықтың спортпен шұ­ғылдануын кемінде 35% нә­тижеге жеткізе отырып (бүгінгі күні – 31,6%), нысаналы көр­сет­­кіштерді қайта қарау тапсы­рылды.
Ол үшін әкімдіктерге мем­лекеттік спорттық тапсырыс көлемін ұлғайту, қосымша балалар, жасөспірімдер клубтарын, бала­лар-жеткіншектер спорт клуб­тарын ашу, мектеп және студент­тер спорт лигаларының жұмы­сын қайта бастау есебінен бала­ларға арналған тегін спорт секцияларын кеңейту тапсырылды.
Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Маңғыстау облыстарында спорт мектеп-интернаттарының болмауына байланысты осы өңірлердің әкімдіктеріне олар­дың құрылысын бастау мәсе­ле­сін шешу тапсырылды.
• Спорт объектілерін мате­­риа­лдық-техникалық жарақ­тандыру деңгейін арттыру.
Осы жылдың соңына дейін әкімдіктерге 43 дене шынық­тыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау, Work-out алаң­дары мен басқа да шығынсыз спорт ғима­раттарының желісін кеңейту тапсырылды.
Спорт нысандарының толық жүктелуіне ерекше
назар аудару тапсырылды.
• Nur Otan партиясының ма­ман­­дандырылған спорт мектеп­тері оқытушыларының жалақы­сын 2023 жылға дейін екі есе арт­­тыру, 2025 жылға дейін әрбір ауыл­дық округті спорт нұсқау­шы­сымен қамтамасыз ету жөнін­дегі жол картасы іс-шараларының орын­далуын ерекше бақылауға алу.
• Үздік халықаралық тәжіри­­бені ескере отырып, кәсіби спортшыларды, оның ішінде ұлттық құрама командаларын даярлау тәсілдерін қайта қарау және бұқаралық, кәсіби спорт үшін спорт мамандарының (спорт психологтері, биомеханиктер, биохимиктер, диетологтер және т.б.) тапшылығы мәселесін шешу бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу тапсырылды.
• Спортқа бағытталатын бюд­­жеттік және бюджеттен тыс қа­ра­­жаттың тиімді жұмсалуына қа­­таң бақылауды қамтамасыз ету.
• Сала алдында тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып, 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі қабылданған кешенді жоспарды қайта қарау.
• Мәдениет және спорт министрлігінің елде бұқаралық және балалар спортын дамыту бөлігіндегі өкілеттіктерін кеңей­тетін заңнамалық түзетулерді қабылдауды қамтамасыз ету.
Бұқаралық және балалар спор­­тын дамыту жайы Үкі­­мет­тің ерекше бақылауында болады.