Aemet өкілі Рубен дель Кампо сәрсенбіде басталатын жоғары температура қалыпты емес екенін жеткізген. Оның сөзіне сүйенсек, аптап ыстық нағыз қызған шағына енді шықпақ.
«Елде тіркелген температура рекорды жаңартылатынын жоққа шығара алмаймыз», дейді ол. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бейсенбіден бастап ауа температурасы елдің оңтүстік жартысында, атап айтқанда, Гвадалквивир алқабында 44 градустан 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Аптап ыстық Кантабрияның солтүстігі мен Галисияның бір бөлігін қоспағанда, бүкіл Испанияға әсер етеді. Жұма мен сенбі ең ыстық күндер болуы мүмкін. Термометр көрсеткіші Пиреней түбегінің оңтүстігінде, шығысында және орталығында және Балеар аралдарында 40 градусқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар Андалусияның оңтүстік аймағында ең жоғары температура 44 градустан асады деп күтіледі. Түн де ыстық болмақ. Жексенбіде аптап ыстық төмендейді, ал дүйсенбіде ауа температурасы қалыпқа келеді деп күтіліп отыр.