Әлем • 13 Тамыз, 2021

Қытайда су тасқынынан 21 адам қаза тапты

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай орталығындағы Хубэй провинциясында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 21 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытайда су тасқынынан 21 адам қаза тапты

Табиғи апат салдарынан, әсіресе, таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті.

Бір тәулікте бұл жерде 503 мм көлемінде жауын-шашын түскен. Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті. Сондай-ақ 2,7 мың құрылыс ғимараттары зақымданған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген. Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.