Әлем • 13 Тамыз, 2021

Талибтер Ауғанстанның тағы бір ірі қаласын басып алды

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның екінші ірі қаласы Кандагарды басып алды. Бұл туралы қозғалыстың баспасөз хатшысы Забихулла Мужахид Twitter-де хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Талибтер Ауғанстанның тағы бір ірі қаласын басып алды

Фото: PxHere

Бұған дейін үкімет күштері Кандагарға бара жатқан Газни қаласының басып алынғанын растады.

Кейін Ауғанстан билігі Кандагардың басып алынғанын растады. Қала 12 тамызда кешке құлады, дейді шенеуніктер. Жергілікті билік пен олардың айналасындағылар қаладан кету үшін әуежайға қашып кетті деген болжам бар.

Қала - аттас провинцияның әкімшілік орталығы.

Ауғанстанның ұлттық татуласу жөніндегі Жоғарғы кеңесінің басшысы Абдулла Абдулла Катардың Доха қаласында Ауғанстан мәселесі бойынша кездесу кезінде елдегі жағдайдың қауіпті екенін айтты. 

11 тамызда «Талибан» қозғалысы Кандагар қаласындағы түрмені басып алып, жүздеген тұтқынды босатқаны хабарланды. Дәл сол күні содырлардың қаланы ауған әскерінен тазарту туралы жариялағаны белгілі болды. Олар жергілікті тұрғындардан жасырынған сарбаздарды беруді талап етті, әйтпесе «шариғат бойынша жаза қолданамыз» деп қорқытты.