Қоғам • 13 Тамыз, 2021

«Дарын» сыйлығына 237 өтінім қабылданды

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 тамызда «Дарын» сыйлығына ізденушілердің құжаттарын қабылдау аяқталды. Конкурсқа 237 өтінім қабылданды (2020 жылы – 160 өтінім), деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дарын» сыйлығына 237 өтінім қабылданды

Номинациялар бойынша өтінімдер саны келесідей: «Ғылым» - 55, «Эстрада» - 9, «Классикалық музыка» - 18, «Халық шығармашылығы» - 21, «Дизайн және бейнелеу өнері» - 7, «Театр және кино» - 47, «Спорт» - 22, «Әдебиет» - 18, «Журналистика» - 7, «Қоғамдық қызмет» - 33.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.

Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне жоспарланып отыр. Айта кетсек, 2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға конкурс жариялады.

Құжаттар 10 тамызға дейін қабылданды.

Соңғы жаңалықтар